Ақпарат. Республикалық бюджет қайта нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Республикалық бюджет қайта нақтыланды

03.04.2018
Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында республикалық бюджеттің қайта нақтыланған жобасы бекіді. Оған ең бастысы Президенттің Жолдауында көрсетілген тапсырмалар мен 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру себеп болуда. Оның үстіне републикалық бюджет түсімі де 181,4 млрд. теңгеге өскен. Нәтижесінде, бюджет шығыстары 417 млрд. теңгеге өсіп, 9 трлн. 643 млрд. теңгеге жетті. Қосымша бөлініп отырған қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша аймақтарды дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалады. Ал, келесі бағыт - адам капиталын жақсартуға 106 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді.  

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: