Ақпарат. АҚШ-та Youtube штаб-пәтеріне оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. АҚШ-та Youtube штаб-пәтеріне оқ атылды

04.04.2018
АҚШ-тың Сан-Бруно қаласындағы YouTube компаниясының штаб-пәтеріне бірнеше мәрте оқ жаудырылды. Одан үш адам жараланған. Екеуінің халі мүшкіл. Дәрігерлердің сөзінше, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, пистолеттен оқ атты деп күдікке алынған әйел оқиға орнында өзін-өзі атып тастаған. Әзірге, оның бұл әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Полиция күдіктіге қатысты ешқандай мәлімет таратпай отыр. Бұл оқиға АҚШ-та еркін қару саудасына қатысты талқылауларды күшейтуі мүмкін. Өткен айда YouTube қару қолдануды жарнамалайтын бейнероликтерді бұғаттайтынын мәлімдеген еді.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: