Ақпарат. Қазақы ақбас сиырдың санын көбейту керек
17.04.2018
Сиырдың ең көп тараған етті тұқымды түрі – қазақы ақбас сиырлар. Бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Ол жеріміздегі ең құнды малдың бірі болып саналады. Өкінішке қарай, қазақы ақбас сиырдың саны жыл сайын сиреп бара жатыр. 1950 жылы 388 мың бас болса, 1970 жылдардың ортасында асыл тұқымды малдың саны 1 млн. 300 мыңға жетті. Қазір тек 270 мың ғана қалды. Егер де 1 миллион ақбас сиыр сақталса, онда ет экспортының әлеуеті әлдеқашан артар еді. Мәжіліс депутаттары «қазақтың ақбас сиыры біздің брендімізге айналуы тиіс», - дейді.