Ақпарат. Астанада болған дауыл шығыны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Астанада болған дауыл шығыны анықталды

23.05.2018
Астанада болған дүлей дауылдың салдары мен шығыны бүгін белгілі болды. Әкімдіктегілердің қисабына қарасақ, жөндеу жұмыстарына шамамен 235 млн. теңге керек екен. Жалпы, кеше «112» шұғыл қызмет желісіне айналдырған 3-4 сағатта 875 рет қоңырау шалынып, тұрғындар көмек сұраған. 10 адам «103» қызметіне жүгініп, біреуі ауруханаға жатқызылыпты. 23 әлеуметтік нысанның шатырлары мен қасбеттері қираған. Жалпы, аумағы 6 мың шаршы метрді алатын 28 көпқабатты тұрғын үйдің де қасбеттері зақымданыпты. Зардап шеккендердің арасында көлік иелері көп. Төбеден құлаған түрлі құрылыс заттары ауладағы көліктерді қиратып, терезелерін сындырған. Енді олар кімді кінәлап, шығынды қайдан өндіруді білмей отыр. Кей мәліметтерге сүйенсек, қала әкімдігі тұрғындардың шығынын өтеуі тиіс делінген. Бұл қаншалықты рас?

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: