Ақпарат. Елімізде венчурлік инвестициялардың болмауы инновациялық қызметті тежеуде
23.05.2018
Елімізде венчурлік инвестициялардың болмауы инновациялық қызметті тежеп отыр. Егер заң жобасы жетілдірілсе, тың жобаларға қаражат тартуға кеңінен жол ашылады. Әрі заманауи теxнологияның тілін білетін мамандарға сұраныс арта түспек. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі осылай деді. Жеңіс Қасымбек xалықаралық тәжірибеде мұндай қорлар бизнесті дамытуға септігін тигізіп отырғанын айтты. Ал, елімізде венчурлік қорлардың нақты механизмі белгіленбеген. Бұл мәселені шешу үшін министрлік қор қызметі мен оларды басқару тетіктерін заң жүзінде бекітпек. Жаңашылдықтарға толы құжат бүгін Мәжіліс депутаттарының қолдауына ие болып, бірінші оқылымда мақұлданды.