Ақпарат. Кибер қауіпсіздікке ерекше мән беру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Кибер қауіпсіздікке ерекше мән беру керек

25.05.2018
«Кибер қауіпсіздік басқа да қауіпсіздіктермен тең дәрежеде маңызға ие». «KADEX-2018» көрмесі аясында өткен «CYBER AND DIGITAL SECURITY» конференциясының ашылуында вице-премьер Асқар Жұмағалиев осылай деді. Қатысушылар «Жер шарының жұрты жаңа әлем табалдырығында тұр» деген пікір айтты. Ал, Қазақстан билігі бұл трендтен хабардар. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты - сол жаңа сиқырлы әлемге отандастарымыздың мұздай қаруланып кіруін қамтамасыз ету. Елімізде ІТ мамандарын даярлауға ерекше мән беріліп отыр. Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуда әлемде 30-орында тұр. Соңғы үш жыл ішінде Egov.kz порталы арқылы 37 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: