Ақпарат. Оралда ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь ашылды
30.05.2018
Әрі тынығады, әрі танымын кеңейтеді. Оралда балаларға ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь жұмысын бастады. Игі іс, «Нұр Отан» партиясының «Үш тұғырлы тіл» партиялық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Демалыс орны балаларды 4 ауысымда қабылдайды. Көк өрімдерге тіл үйретудің арнайы бағдарламасы жасақталған. «Ойын арқылы оқыту ең тиімдісі», - дейді мамандар. Сондай-ақ, жеткіншектердің техникалық шығармашылығын дамытып, ІТ сауаттылығын арттыруға да көңіл бөлінеді.