Ақпарат. Астанада іскер әйелдер форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Астанада іскер әйелдер форумы басталды

31.05.2018
Цифрландыру дәуірінде іскер әйелдер ІТ технологияны қалай қолдану керек? Бұл сұрақ Астанада өтіп жатқан «IDEAS FOR WOMEN-2018» форумында талқыланды. Бірінші рет ұйымдастырылған жиын «Төртінші өнеркәсіп революциясының сын-тегеуріндері» тақырыбын қаузады. Форумға Ақпарат және коммуникациялар минстрі Дәурен Абаев қатысып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жайлы баяндады. Бүгінде сандық жүйе әр салаға дендеп енуде. Оның мүмкіндіктерін ескермеген кәсіпкер көш соңында қалады. Сондықтан, іскер әйелдерге жаңа технологиялардың дамуы, қолданылуы туралы жан-жақты мағлұмат берілді.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: