Ақпарат. Қарағанды көшелеріне ерекше сәкілер қойыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Қарағанды көшелеріне ерекше сәкілер қойыла бастады

07.06.2018
Олар көпшіліктің дамылдайтын орны ғана емес, бірнеше қосымша қызметтерді атқарады. Сәкілер Күн сәулесінен қуат алатын батареялармен жабдықталған. Соның арқасында бір мезетте бірнеше ұялы телефонды қуаттауға болады. Бұған қоса тегін Wi-Fi-таралымы да бар. Тұрғындар кез келген уақытта 4G мобильдік интернетін пайдалана алады. Қазір Бұқар жырау даңғылындағы сауда үйінің алдында онға жуық осындай орындықтар тұр. Алдағы уақытта олардың қатары көбейе түспек. Өңірде «Smart City» жобасы қолға алынған болатын. Соның негізінде қала инфрақұрылымына замануи технологиялар біртіндеп енгізілмек.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: