Таңшолпан. Бүгін – ҚР халық әртісі Зәмзагүл Шәріпованың туған күні
31.08.2017
Ол адамды адамгершілік пен сұлулыққа, өмірдің мәнін ұғынуға шақырады. Ақыл мен парасатқа үндейді.
Бүгін - театр өнерінің майталманы, ҚР халық әртісі Зәмзагүл Шәріпованың туған күні.
Зәмзагүл Нүсіпбайқызы Шәріпова киноға 1955 жылдан бері түсе бастады. Оның үлкен экрандағы алғашқы рөлі – «Дала қызы» көркемфильмі еді.
Бұрын тек сахналық фильмдерде рөл сомдаған Зәмзагүл Нүсіпбайқызына кино өнерінің асулары оңай бағына қоймады.
«Мен Өткен ғасырдың 50-інші жылдарынан бері қазақ театры мен кино өнері саласында қызмет етіп келемін. Театрсыз ұлтты, мемлекетті мәдениетті және өркениетті ел деп айту қиын. Театр – асыл да, ардақты бекзат өнері», - дейді туған күн иесі.