Ақпарат. Азаматтық қоғам - даму тетігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Азаматтық қоғам - даму тетігі

14.06.2018
Елімізді озық отыздықтың қатарына қосу үшін азаматтық қоғамды дамыту қажет. Алматыда 25 елден келген беделді сарапшылардың басын қосқан «Level Up!» даму драйвері азаматтық бастама» атты халықаралық конференцияда айтылды. Мамандардың сөзінше, қазір бар шаруаны мемлекетке жүктеп қойып, қол қусырып отыратын кезең емес. Әлеуметтік мәселелерді оңтайлы реттеу үшін кез келген азамат бастама көтеріп, оған кәсіпкерлерді жұмылдыру арқылы қоғамды ізгілендіруге болады. Осылайша, қоғамның алға қарай жылжуына әсер етеді. Сондай-ақ, алқалы жиында азаматтық қоғам өкілдеріне арналған жалғыз жүлде «Level Up!» Prіze» сыйлығы табысталды. Осы байқауға 80 өтініш түскен. Ал, үздіктерін таңдау үшін 33 500 адам дауыс берген. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: