Ақпарат. Қапшағайда казино қызметкерлері аштық жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Қапшағайда казино қызметкерлері аштық жариялады

14.06.2018
Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Алма city» казиносының 400 қызметкері 4 күннен бері аштық жариялап жатыр. Олар 3 айдан бері айлықтарын бермеген басшылығынан өздеріне тиесілі жалақыларын талап етеді. Құмар ойын кешенінің иесі 130 миллион теңгеге жуық қарыз. Алайда, оларға түрлі сылтаулар айтып, уәделерін үйіп-төккен басшылары қазір ізім-ғайым жоғалды. Ал, казино жабылып қалған. Тіпті, «сатылымға қойылған», дейді ойынхана қызметкерлері.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: