Таңшолпан. Алмас Кішкенбаев: Жыл сайын концерт беруді қаламаймын
06.09.2017
Әнші Алмас Кішкенбаев студия қонағы болып, өмірдегі және өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Қазір 2 қызым бар. Екеуін балабақшаға апарып, студияға келдім. Қатал әке емеспін, балаларға ұрыспаймын. Анасы маған қарағанда қаталдау. Өз басым балаға қатты сөйлеп, ұрысуға қарсымын.
Өнерге келетін болсақ, осы айдың аяғына дейін жаңа бейнебаян түсіріледі. Одан кейін «Аялдамада» әні шығып, ол әнге бейнебаяны түсіріледі. Олардың тұсаукесері Ұлттық арнада өтеді.
Сондай-ақ, Қазақ концерт ұжымында эстрадалық бөлімнің қадағалаушысы ретінде жұмыс жасаймын. Жеке бизнеске қатысты, Астана қаласында мейрамханам болды. Алайда өнеріме уақыт жетпеген соң, мейрамхананы саттым.
Жыл сайын концерт беруді қаламаймын. Себебі әр кешке жақсылап дайындалу керек. Келесі жылы сахнада жүргенімнің 15 жылдығына орай концерт өтеді. Қазір біз сол кешке дайындалып жатырмыз. Ол кеш тек жанды дауыста және Астана қаласының филармониялық оркестірінің қолдауымен өтетін болады», - дейді әнші.