Ақпарат. Жоғарғы сотта 1,5 жылда 700-ден астам үкім түзетілген
13.07.2018
Соңғы бір жарым жылда сотталған қазақстандықтардың 12-сі ақталып шыққан. Заңсыз қамауға алынғандарға судьялардың әділетсіз үкімі себеп. Мұндай жағдай, әсіресе, Алматы қаласында көп кездеседі. Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың республикалық судьяларының кеңейтілген кеңесінде айтылды.