Ақпарат. Таразда жомарт жүректі азаматтар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Таразда жомарт жүректі азаматтар марапатталды

09.08.2018
Тараз қаласында қамқорлық жасап, қайырымдылықтан қалыс қалмайтын жомарт жүректі азаматтар марапатталды. Бұл азаматтар тек облыс орталығындағы 25 жобаны қаржыландыру үшін 2 млрд. 473 млн. теңге жұмсапты. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында түрлі патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Аймақтың сан-салада табысты еңбек етіп жүрген кәсіпкерлері туған жерлерін көркейтуге белсене араласып, үлестерін қосты. Бірі қаланы көркейту мен инфрақұрылымды жақсарту жобасын ұсынса, жастар жағы осы істі ұйымдастыруды қолға алған. Енді бірі шағын цех ашып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Әлеуметтік жобалар арқылы салынып жатқан нысандардың құрылысына қажетінше қол созып жүргендері де бар. Мәрттік танытып, қолда барын ел игілігіне жұмсауды жөн көрген азаматтар «Батыл жүрек», «Жылдың үздік ұйымы», «Жүректен жүрекке», «Туған өлке», «Жыл меценаты», «Ерен еріктілік» номинацияларымен марапатталды.  

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: