Ақпарат. Астанада «Digital arena» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Астанада «Digital arena» форумы өтті

13.08.2018
Астанада мемлекеттік мекемелер мен ІТ компанияларды байланыстыратын алаң пайда болды. «Digital arena» деп аталған жобаның алғашқы форумы өтті. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым мен Қаржы министрліктерінің өкілдері әрі еліміздің мықты деген ІТ мамандары қатысты. Форум «сұраныс пен ұсыныс» үлгісінде өтті. 4 ведомствоның шашбауын көтеріп келген вице-министрлер өз жұмыстарын жеңілдетіп, цифрландыруға көшу үшін қандай жобаларға мұқтаж екенін айтып берді. Бұл жиыннан соң ІТ компаниялар бірнеше күннің ішінде өзінің ұсыныстарын әзірлеп, оларды келесі кездесуде министрліктерге таныстырады. Осылайша, тараптар түрлі тың идеяларды талқылап, ең тиімдісін, ең үздігін іріктеп, жүзеге асырады.  

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: