Ақпарат. Биыл Астанада 18 мың оқушы 1 сыныпқа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Биыл Астанада 18 мың оқушы 1 сыныпқа барады

15.08.2018
Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді. Жаңа оқу жылында астаналық балалар 105 мектепте білім алмақ. Жалпы, оқушы саны 155 мыңға жуық. Балабақша мәселесі де шешімін тауып келеді. Соңғы екі жылда e-astana арқылы балабақшаларға 43 мыңнан астам жолдама берілді. Биыл бас шаһарда 480 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша ашылды.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: