Ақпарат. Ақмола облысында мектептерге автобустар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Ақмола облысында мектептерге автобустар берілді

24.08.2018
Ақмола облысында мектептерге оқушыларды тасымалдауға арналған автобустар берілді. Көлік кілттері аудандық білім бөлімдерінің жетекшілеріне табысталды. Аймақта 6 мыңға жуық бала білім алу үшін өзге елді мекендерге қатынап оқиды. Облыс бойынша 141 ауылда мектеп мүлдем жоқ.  95 елді мекенде бастауыш және негізгі мектеп қана бар. Сондықтан, ауылдық жерлердегі оқушыларды автобуспен қамту үшін 20 автобус бөлініп отыр. Осы мақсатта 285 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: