Ақпарат. Сандық телевизия елімізді толық қамтиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Сандық телевизия елімізді толық қамтиды

04.09.2018
«Цифрлық хабар таратуға алдағы 3 жыл ішінде толық қол жеткіземіз». Бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Сандық хабар тарату үшін алдымен аймақтардағы инфрақұрылымды даярлау маңызды. Жыл соңына дейін Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы жаңа форматқа ауысады. Жалпы, жаңа жүйенің қызметін ел бойынша 827 радиотелевизиялық станция жүзеге асырмақ. Қазіргі таңда оның 356-сы дайын. Қалған станциялардың құрылысы 2019-2020 жылдары толық аяқталады. Цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды. Осылайша, босаған жиіліктерді байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдалану қарастырылған.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: