Иранның ұлттық ақшасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды. Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін бір доллар 150 мың риалға сатылып жатыр. Иранда жұмыс аптасы сенбіден басталады. Содан бергі төрт күнде Ислам Республикасының валютасы өз құнының төрттен бірін жоғалтқан. Бұл жағдайға АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығып, Тегеранға қарсы экономикалық санкцияларды қайта жариялауы себепші.