Ақпарат. Алматыда I халықаралық жазушылар форумы басталды
11.09.2018
Оған әлемнің әр қиырынан қаламды қару еткен ақын-жазушылар келіп, жаһандану үдерісінің қоғамға ықпалы туралы тұщымды ой-пікірлерін айтты. Қаламгерлер «қазіргі әдебиетте адамды ізгілікке, әлемді тыныштыққа шақыратын шығармалар аз», - дейді. Сондықтан, көптеген елдерде соғыс оты өршіп тұр.