Ақпарат. Отандық ғалымдарға халықаралық сыйлық тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Отандық ғалымдарға халықаралық сыйлық тапсырылды

20.09.2018
Бір топ отандық ғалымдар «Ғылым көшбасшысы - 2018» халықаралық сыйлығының иегері атанды. Марапат алғандардың қатарында еліміздің жоғары оқу орындары мен Еуразия ұлттық университетінен шығатын екі ғылыми журналдың ұжымы да бар. Жаһандық жүлдені тағайындайтын Clarivate Analytics компаниясы бірінші кезекте жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған ғылыми мақалаларға мән береді. Биыл қазақ ғалымдары Web of Sciencе CoreCollection ғаламдық деректер базасына қаралымы жоғары 40-тан астам зерттеу материалын жариялаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 еңбекке көп. Сонымен, «Ғылым көшбасшысы -2018» сыйлығы  Юрий Пя, Рәтбай Мырзақұлов, Динара Бірімжанова, Ирина Иргибаева сиқяты бір топ ғалымдарға берілді. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: