Ақпарат. Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына барды
28.09.2018
Душанбе сапарынан кейін Елбасы бірден Астанаға тартпай, ат басын оңтүстік өлкеге бұрды. Шымкент қаласына тоқтап, халықтың әл-ауқаты қалай, жергілікті билік нендей тірліктің басын қайырып жатыр, сонымен танысты. Президент күзгі науқанды жыл сайын осылай аймақтарды аралаудан бастайтыны бар. Шалғайдағы өңірлердің шаруасын пысықтайды, әкімдерді қаққан қазықтай тұрғызып, есебін тыңдайды. Бұл жолы еліміздің үшінші мегаполисі Елбасыға бірнеше салада атқарылған жаңғырту, жаңарту жұмыстарын таныстырды.