Ақпарат. Кәсіби мереке қарсаңында ақмолалық ұстаздар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Кәсіби мереке қарсаңында ақмолалық ұстаздар марапатталды

04.10.2018
Кәсіби мереке қарсаңында ақмолалық ұстаздар марапатталды. Бүгінде өңірдегі білім беру мекемелерінде 22 мыңнан астам педагог қызмет етуде. Салтанатты шарада мұғалімдерге түрлі марапаттар табысталды. Мәселен, 3 ақмолалық ұстаз республикалық «Үздік педагог – 2018» байқауының жеңімпазы атанып, оларға арнайы сыйақы берілді. Өткен оқу жылында облыстағы 264 түлек «Алтын белгіге» қол жеткізген. 132 оқушы үздік аттестат иегері атанды. 69 жас дарын республикалық, халықаралық білім сайыстарының, 680 оқушы спорттық шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Мұның барлығы - ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: