Ақпарат. Мәулен Әшімбаев ұстаздарды мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Мәулен Әшімбаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

04.10.2018
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары мереке қарсаңында елордалық мұғалімдерге сый-құрмет көрсетті. Мәулен Әшімбаев Астанадағы ерекше білім ошақтарының біріне барып, ондағы жаңашылдықтармен танысты. №83 мектеп-гимназияда мүмкіндігі шектеулі балалардың еш қиындықсыз оқуына барлық жағдай жасалған. Мұнда кедергісіз орта қалыптасқан десе болады. Яғни, арнайы парта, тұтқалар және пандустар орнатылған. Ал, балалар халықаралық тәжірибеге негізделген инклюзивті білім берудің жүйесімен оқытылады. «Нұротандықтар» мұғалімдерге еселі еңбектері үшін алғыс білдіріп, үздік ұстаздарға алғыс хат табыстады. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Айнұр МаратқызыЭфир күні мен уақыты: дүйсенб