2019-дың жастар жылы болып жариялануы алматылықтарды ерекше қуантты. Өйткені, ірі мегаполис жастардың қаласы саналады. Еліміздегі студенттердің де 3-тен бірі осында. Жас кәсіпкерлер мен жас мамандардың да дені алып шаһарда еңбек етіп жатыр. Сондықтан, Президенттің дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тамашалаған олар айтылған өзекті мәселелерге өз пікірлерін білдірді.