Елбасы өңірлерде 100 сауықтыру орталығын салуға тапсырма берді. Сондай-ақ, әр аула дене шынықтыру құрылғыларымен қамтылуы керек. «Халықтың саламатты өмір салтын ұстануына толық жағдай жасау үшін көп те қаржы кетпейді. Тек үнемді үйлестірсе болғаны», - деп Нұрсұлтан Назарбаев Спорт және мәдениет министріне қарата айтты.