Ақпарат. Астанада оқушылар ағылшын тілін тегін оқи бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Астанада оқушылар ағылшын тілін тегін оқи бастады

10.10.2018
Астананың оқушылары ағылшын тілін жаппай тегін оқи бастады. Елорданың еріктілері «Open English» жобасын қолға алып, 9-11 сынып оқушыларына шет тілін үйретіп жүр. Мұғалімдердің арасында Назарбаев Университетінің ұстаздары, студенттер бар. Бағдарлама 3 айға әзірленген. Оған бас қаладағы 12 мектептің 180 баласы іріктеліп алынды. Тілдік курс арнайы жоғары сынып оқушыларына бағытталған. Өйткені, мектеп бітірісімен олар КЭТ, ПЭТ емтихандарын тапсырады, жоғарғы оқу орындарына түседі. Әзірге бұл бастама пилоттық жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр. Ұйымдастырушылар келешекте оның ауқымын арттырып, елдің бүкіл аймағына енгізуді жоспарлап отыр. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: