Ақпарат. Шетелдік ғалымдар Жолдауды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Шетелдік ғалымдар Жолдауды талқылады

12.10.2018
Президенттің Жолдауын халықаралық деңгейде талқылау жұмыстары да басталып кетті. Бүгін G Global тұғырнамасының негізінде конференция өтті. Оны Еуразия Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті ұйымдастырды. Оған осы оқу ордасында қызмет ететін шетелік ғалымдар қатысып, Жолдауға қатысты пікірлерін білдірді.  Әлеуметтік сала мен экономикаға маманданған ғалымдар Жолдаудың осы аталған тұстарын талқылады. Қатысқандардың ішінде шетелдік саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар және сарапшылар болды. Конференцияны G Global тұғырнамасының тіркелушілері онлайн көруге мүмкіндік алды. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: