Қазнеттегі дүниенің тоқсан пайызы қоқыс. Бұл сол қазақ ғаламторындағы белсенді блогерлердің пікірі. Астанада интернеттегі қазақша контенттің сапасын арттыру жайы сөз болды. Интернет сайттардың редакторлары мен блогерлердің пікірінше, қазіргі таңда қазақша танымдық ақпарат аз. Сол себепті, аудиторияның назары басқа тілдегі өнімге ауады. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін интернет сайттары белсенді жұмыс істеуі керек.