Таңшолпан. Роза Жаманованың туғанына 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Роза Жаманованың туғанына 100 жыл

30.01.2018
Роза Үмбетқызы Ақтөбе қаласының тумасы. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Тәрбиешілер Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да дауысы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол вокалдық сабақтар алды содан кейін Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Бір жыл өтер-өтпестен оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдылық келіп жетті. Роза Жаманованың шетелдерге гастролдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты. Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі – оның ұстаздығы. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. ҚР Халық әртісі Роза Жаманова бүкіл шығармашылық ғұмырын Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрына арнаған.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл