Ақпарат. Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан 327 мыңдай науқас бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан 327 мыңдай науқас бар

15.11.2018
Оның 2,5 мыңы бала. Олар күнделікті инсулинге тәуелді. Бұл орайда, Денсаулық сақтау министрлігінің істеп жатқан жұмысы да аз емес. Оларға керекті дәрі-дәрмекті уақытында жеткізіп, барлығын тегін қамтамасыз етіп отыр. Бұдан басқа медициналық мекемелерде дәрігерлер аталмыш дерттен аулақ болудың жолдарын айтып береді. Сондай шара бүгін «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында ұйымдастырылды. Орталық дәрігерлері пациенттерге «Диабет деген не?», «Қант диабеті кезіндегі тамақтану туралы», «Жасөспірім жастағы психология және диабет» тақырыптарында дәріс оқиды. Шара Бүкіләлемдік диабетпен күрес күніне орай өтті. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: