Ақпарат. Маңғыстауда 171 жер телімі мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Маңғыстауда 171 жер телімі мемлекетке қайтарылды

21.11.2018
Себебі, олар уақытылы әрі мақсатты игерілмеген. Бұл жөнінде әкімдікте өткен жер қатынастары бойынша жиында айтылды. Мұндай заңбұзушылық, әсіресе, Түпқараған мен Мұнайлы ауданында жиі кездеседі. Түпқараған бойынша 230-ден астам жер телімінің құжаты сотта қаралып жатыр.  Жаңаөзен қаласында да 18 жер учаскесі бойынша сот процесі өтуде. Ал, Бейнеу ауданында заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осындай жағдайға жол берген лауазым иелері енді тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: