Ақпарат. Шымкент донор қалаға айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Шымкент донор қалаға айналады

22.11.2018
Шымкент 2025 жылға қарай донор қалаға айналуы мүмкін. Мәжілістің жалпы отырысында «Әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Алдағы 8-15 жылда Шымкент қаласы дотациялық өңірден донор шаһар деңгейіне көшеді. Сонымен қатар,  жер салығы Шымкентте 2020 жылдан бастап өседі. Ал, 2018 және 2019 жылы оның мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады. Үкімет мүшелері 2024 жылға дейін Түркістан облысын дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар әзірленіп жатқанын айтты. Ауқымды 115 шарадан тұратын жоспарды орындауға 870 млрд. теңге бөлінбек. 11 кодекс пен 40 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: