Ақпарат. Грант бөлінген ғылыми жобалар жабылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Грант бөлінген ғылыми жобалар жабылып қалған

27.12.2018
Білім және ғылым министрлігі шетелден қарыз аларда дұрыс жоспарламайды. Ғылыми жаңалықтарды коммерциялау үшін алынған 18 миллион АҚШ доллары жаратылмай босқа тұр. Ал, шетел валютасымен алынған бұл қаржыны мемлекет төлеп отыр. Бұл туралы бүгін Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты. Есеп комитеті бюджеттен ғылым саласына бөлінген қаржыға мемлекеттік аудит жүргізген. Белгілі болғандай, 623 миллион теңге дұрыс жаратылмаған. Сондай-ақ, қайтарымсыз қаржы бөлінген талай ғылыми жоба жабылып қалған.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: