Ақпарат. Түркістан облысында онкологиялық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Түркістан облысында онкологиялық орталық ашылды

04.01.2019
Қатерлі ісік аурулары диспансері дербес қала мәртебесіне ие болған Шымкент шаһарының еншісінде қалып кеткендіктен, Түркістан облысында жаңа онкологиялық орталық жасақталды. Оның құрамында тәулігіне 230 науқасты тексеріп, медициналық кеңес беретін емхана және 90 науқастың жатып ем алуына болатын аурухана жұмыс істейді. Заманауи озық құралдармен жабдықталған орталықта химиятерапиялық ем түрлері, ісіктің таралуын диагностикалау, сүйек пен жұмсақ тіндердің ісіктерін емдеудің заманауи әдістері қолданылады.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: