Ақпарат. Оралда 57 көшенің атауы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Оралда 57 көшенің атауы өзгерді

09.01.2019
Бұрын тек сандармен белгіленген немесе мән-маңызы жоқ, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар жаңаша түрленді. Мәселен, нөмірі 4-ші, 6-шы, 15-ші деп таңбаланған көшелер Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынова, Асқар Сүлейменов атын иеленді. Ондаған көшеге ақын-жазушылар, тарихи тұлғалармен қатар, жер-су атаулары да берілді. Мәселен, Речная – Ертіс, Электрическая – Қарқаралы, Белая казарма - Ақбақай деп өзгертілді.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: