Ақпарат. АҚШ-та Huawei компаниясына айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. АҚШ-та Huawei компаниясына айып тағылды

29.01.2019
АҚШ-тың Әділет министрлігі Huawei компаниясын алаяқтық үшін кінәлап отыр. Сондай-ақ, осы орган Қытайдың телекоммуникациялық алыбы мен оның қаржы директоры Мэн Ваньчжоуға бірнеше айып тақты. Солардың ішінде соттың әділ жүргізілуіне кедергі келтіріп, Иранмен бизнес жүргізу үшін АҚШ үкіметі мен банктеріне жалған ақпарат берді деген айыптар бар. Сонымен бірге,  Құрама Штаттар әкімшілігі Huawei Американың T-Mobile компаниясынан смарфтондардың жұмысын тексеретін технологияны ұрлады деп мәлімдеді. Дегенмен, қытайлық компания мен оның қаржы директоры өздеріне тағылған кінәларды жоққа шығарып отыр.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: