Ақпарат. Қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісі өтті

08.02.2019
Қоғамдық кеңестер мәслихаттардың көшірмесіне айнала бастады. Сондықтан, олардың құрамын өзгерту керек. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев елордада өтіп жатқан Қоғамдық кеңестердің 2-ші республикалық мәжілісінде осылай деді. 2016 жылы «100 нақты қадам» ұлттық жоспары аясында құрылған бұл кеңестердің басты мақсаты - халықтың сөзін билікке жеткізу еді. Нәтиже жоқ емес. Қоғамдық кеңестердің араласуының арқасында «ең жабық» саналатын құқық қорғау органдары ашықтық қағидасына бет бұра бастады. Бүгіндері ел бойынша 229 қоғамдық кеңес болса, оның 16-ы - ресбуликалық, 213-і - облыстық деңгейдегі ұйымдар. Алайда, аты «қоғамдық» болғанымен, құрамында мемлекеттік мекемелердің өкілдері басым. Қазір үкіметтік емес ұйымдардың үлесі 35 пайызды ғана құрап отыр. Сондықтан, биылғы мәжілістің мақсаттарының бірі – кеңестерге қоғам белсенділерін және жастарды көбірек тарту, сондай-ақ, ықпалын арттыру. Қазір «қоғамдық кеңес» туралы заң жобасын Мәжіліс қарастырып жатыр. Бұл құжат осы міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: