Таңшолпан. Әділ Ахметов: Қытай елімен қарым-қатынас бізге тек пайда әкеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Әділ Ахметов: Қытай елімен қарым-қатынас бізге тек пайда әкеледі

08.06.2018
Мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов «Таңшолпанның» қонағы болды. Академик Елбасының Қытай еліне ресми сапары мен оның маңызы туралы сөз қозғады. «Елбасы Қытай Халық Республикасы Төрағасының арнайы шақыруымен барып отыр. Негізгі мәселе - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті. Бұл саммиттің ерекшелігі бар. Жер шарында 7 млрд. халық болса, бұл ұйым 4 млрд. халықты қамтитын үлкен ұйымға айналды. Мұндай үлкен саммитке біздің Президенттің шақырылуы жайдан-жай емес. Қытаймен қарым-қатынас орнатылғалы Елбасы осы елге 18 рет сапарлапты. Оның көпшілігі экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынастар. Бүгінгі уақытта келелі мәселе қарастырылып, инвестициялық жобаларға қол қойылды. Қытай экономикасы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономика. Бұл ел стратегиясын мың жыл бұрын ойлайды. Қытайды қуып жету мүмкін емес. Ондай елмен қарым-қатынас жасап отырғанымыз бізге тек пайда әкеледі», - дейді қонақ.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 07:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға і