Таңшолпан. Ата кәсіп ер-тоқым жасау туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Ата кәсіп ер-тоқым жасау туралы не білесіз?

07.09.2018
Қазақтың ат әбзелдеріне ер-тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б. жатады. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ат әбзелдерін жасау – шеберлікті талап ететін жұмыс. Бүгін сіздерді таныстыратын жабдық - ер-тоқым. Ер-тоқым — салт атқа мініп жүруге лайықталған жабдықтардың бір түрі. Ер-тоқымды көне заман көшпелілерінің дамытқан өнер туындысының бірі деуге болады. Өйткені көшпелі тұрмыс, жорық, шабуыл- ат үстіндегі қимылдың барлығы ер-тоқым, тұрман-жабдықтарын тамаша толықтырған. Ер-тоқымды жасау үшін шамамен кемінде бір ай уақыт кетеді. Ердің алдыңғы қасы, артқы қасы болады. Әуелі қайыңнан шабылған ер былғарымен қапталады. Одан кейін түрлі ою-өрнек салынып, сүйекпен, асыл тастармен, күміспен безендіріледі. Алматылық Секен Нұрғалиев ұлттық өнерімізді, ата кәсібімізді дәріптеп жүрген шебер. Шеберлер отбасында дүниеге келген ол әке аманатын арқалап келеді. Бабалар мұрасын ұмыттырмай, ат-әбзелдерін жасайтын шебер өз қолынан шыққан бұйымдарын сатып, кәсіпке айналдырған. «Ер-тұрманды жасаумен әкем де айналысқан. Көбісін әкемнен үйрендім. Одан кейін ою-өрнек, әшекей секілді дүниелерді үйрендім. Келесі мақсатым – келер ұрпаққа аманат ету», - дейді қолөнер шебері.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл