Ақпарат. Қызылорда облысында кененің табиғи ошағы көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Қызылорда облысында кененің табиғи ошағы көбейген

17.04.2019
Қызылордада 123 елді мекен конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы  деп  белгіленді.  Қазір сол ауыл-аймақтарда кенеге қарсы өңдеу және санитарлық қорғаныс белдеуін құру шаралары жүріп жатыр.   Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 214 миллион теңге қаржы бөлінді. Әсіресе, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы ерекше назарда.  Облыс бойынша барлығы 32 мың қора-қопсыны залалсыздандыру жоспарланып отыр.   

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: