Таңшолпан. Нұрлан мен Мұрат жақында жеке концерт береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Нұрлан мен Мұрат жақында жеке концерт береді

18.09.2018
Әнші Нұрлан Әміров «Таңшолпанның» төрінде қонақ болып, өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті. «Жақында Ұлттық арнаның ұсынған жобасына қатысып, жеке концертіміз өтеді. Халыққа есеп беріп, концертте жаңа ән орындасақ, оны халық қабылдамайды. Халық тек бұрынғы хит болған әндерімізді сұрайды. Халықтың сұрауы болған соң соларды өңдеп, жаңа форматта орындап жатырмыз. Мысалы, «Шашы ұзын қыз», «Ләйлә», «Жаулап алды махаббат» әндері. Халық Мұрат екеуміздің қайта бірігіп ән айтатынымызды біле бермейді. Топ болып қайта қосылғанымызға үш жыл болды. Барған жерге екеумізді де шақырып, бізді халық қосты десек те болады. Репертуарда жеңіл әндер көп. Бірақ біз маңызы зор әндерді орындаймыз. Мысалы, анаға, Отанға, қыз балаға деген махаббат тақырыбындағы әндер. Қазіргі жас әншілерге көзқарасым жақсы. Қанша әнші болса, сонша сыншы болады. Қай әнші болса да ол тырысып жатыр. Бүгін болмаса, ертең жарып шығады. Көп әнші болған жерде бәсекелестік болады. Бәсекелестік болған жерде сапа бар. Бұрындары тек бір телефонмен клип түсірсе, қазіргі клиптер кәдімгі кино. Небір әнші, небір биші, дауыс, дыбыс, барлығы керемет. Қазіргі эстрадаға көңілім толады», - дейді өнер иесі.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл