Таңшолпан. Енді елімізде глютенсіз өнімдер шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Енді елімізде глютенсіз өнімдер шығарылады

19.10.2018
Елімізде енді глютенсіз өнімдер шығарылады. Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары алғаш рет отандық тамақтану өндірісіндегі глютенсіз ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін зертхана құрды. «Себебі, глютен адам ағзасындағы көптеген аурудың себепкері», дейді мамандар. Ғалымдар бұл жобаға кіріспей тұрып, халық арасында сауалнама жүргізген болатын. Соның нәтижесінде елімізде целиакиямен ауыратын 11 жасқа дейінгі балалар саны - 67 пайыз, 12 жасқа дейін - 15 пайыз, ал 21-ден 35-ке дейін - 17 пайыз екені анықталған. Глютенді өнімді тұтыну барысында байқалған адам ағзасындағы ауытқушылықтар сан алуан. Мәселен, бірі қаны аздықтан қиналса, енді бірі аллергиядан жапа шеккен. Мамандардың сөзінше, елімізде глютенсіз өнім өндіру жүгері, күріш, зығыр тәрізді дәнді дақылдардың негізінде жүзеге асырылады. Ол өнімдерді пайдалана отырып, кондитерлік дәмді тоқаштар мен бәліштер дайындалады. Ғалымдардың сөзінше, бүгінге дейін тұтынып жүрген тағамдардың тең жартысы елімізге импортталып келеді. Сондықтан, бұл жоба отандық таза өнім шығарушыға серпін беріп отыр. Қазақ ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының хатшысы Дариғаш Шәймерденова студия қонағы болып, жобаға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл