Таңшолпан. Мұқасан Шахзадаев: «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Мұқасан Шахзадаев: «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды

30.10.2018
Әнші, бұрынғы «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. «Астана – бас қала. Бірақ, Алматы - бала күнгі арманым. Елордамызға бала-шағамен келіп тұрамыз. 1 қарашада қазақ эстрадасының мақтанышы Жеңіс Сейдолланың шығармашылық кеші өтеді. Сол кешке шақырту бойынша келдім. Өмірдің ағынымен Нұрлан екеуміз жеке шығармашылықпен айналысуға кеттік. «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды. Көп адамдар мені әлі де «Нұр-Мұқасан» дейді. Ол есім қалыптасқан, оны өшірмейміз де. Бизнеске шорқақпын. Продюсер емеспін. Өнерде кейінгі інілеріме көмек беремін. Алматыда студия аштым. Сол студиядан сапалы әндер, талантты жастар шығады деп ойлаймын», - дейді әнші.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл