Сарай сыры. «Сарай сыры» телехикаясының РЕСМИ ТРЕЙЛЕРІ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарай сыры. «Сарай сыры» телехикаясының РЕСМИ ТРЕЙЛЕРІ

18.11.2021

Телехикая Бөкей Ордасында билік құрған Жәңгір ханға қатысты тарихи оқиғаларға негізделеді. Реформатордың саяси аренадағы рөлімен бірге, сарайдағы ішкі өмір, ханшалар арасындағы қарым-қатынастар, төрелер төңірегіндегі астыртын ойындар тарихи фактілерге сүйене отырып, көркемдік тәсілмен әрленіп беріледі.

Басты рөлдерде Медғат Өмірәлиев, Әмина Мектепбаева, Дархан Сүлейменов сынды талантты актерлер бар. Қоюшы режиссері - Бақыттас Санитас. Ал телехикаяның көркемдік жетекшісі - Арман Сқабыл.

Сарай сыры

Телехикая 1823-1845 жылдар аралығында Бөкей Ордасында билік құрған Жәңгір ханға қатысты тарихи оқиғаларға негізделеді. Жәңгір хан қазақ даласына баты