Шетелде тіркелген көліктерден қауіп көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде тіркелген көліктерден қауіп көп

10.11.2021

Атырауда соңғы 10 айдың өзінде шетелдік көліктермен болған апаттың кесірінен 17 адам көз жұмған. Оған қоса, осы санаттағы темір тұлпарлар 70-ке жуық жол ережесін бұзған. Елімізде тіркелмеген көліктердің жүргізушілеріне жыл басталғалы 4 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған. Қостанай облысында да ресейлік көліктерді тізгіндеген жүргізушілер заң бұзудан алдына жан салмай тұр. Бүгінге дейін 872 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір күннің өзінде 6-7 хаттама толтырылады. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізетіндер азаяр емес. Ақтөбе облысында биылдыққа осындай 1240 жағдай тіркелген. Заң бұзған тұрғындардың барлығы дерлік 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.