Таңшолпан. Елімізде тұңғыш «Ұлттық өнер» факультеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Елімізде тұңғыш «Ұлттық өнер» факультеті ашылды

11.03.2019
Мәдениет - ұлттың коды. Ұлт өнерімен, дәстүрімен танылады. Ұлттың рухын биіктету, жаңғырту, дәстүрлерді шыңдату – біздің міндетіміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халқымыздың рухани құндылықтары мен тамыры тереңде жатқан ұлттық мәдениетімізді өркендету туралы айтылған еді. Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында «Ұлттық өнер» факультеті ашылды. Мұнда халық музыкасының інжу-маржаны, дәстүрлі өнердің озық үлгілері, сәнді қолданбалы қолөнердің жетістіктері тереңдетіп оқытылады. Ашылу салтанатына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиев академик Пернебек Момынов, Қазақстанның Халық әртісі Сара Тыныштығұлова, Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов, «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі Динзуxра Тлендиева, Ұлттық университеттің басшылары мен ұстаздар қатысты. Негізгі мақсат – ғасырлар қойнауынан келе жатқан ән-жыр мен қолөнердің әр саласының келер ұрпаққа түпнұсқасы бұзылмай жетуіне үлес қосу. Осылай мұраларды сақтап, насихаттау жолында аянбай жүрген ұстаздардың қуанышы ерекше.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл