Таңшолпан. Бірыңғай жиынтық төлемнің пайдасы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Бірыңғай жиынтық төлемнің пайдасы қандай?

12.03.2019
1 қаңтардан бастап елімізде бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудің тәсілі. Қаңтар айында шамамен 3 мыңға жуық бірыңғай төлем төленіпті. Осы қаржы арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, базалық зейнетақы төлемдерін ала алады. Оның негізгі артықшылығы – салықтық тексерулердің болмауында. Бірыңғай жиынтық көлемі облыстық және респубикалық маңызы бар қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2 525 теңге), ал басқа елді мекен тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1 263 теңге). Егер сіз жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбасаңыз, жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп, жылдық табысыңыз 1 175 АЕК (2 966 875 теңге) аспаса, бірыңғай жиынтық төлем төлей аласыз. Төлемді банк, терминал немесе онлайн түрінде жасауға болады.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл