Таңшолпан. Әнші Нұртас Айдарбеков: Сахнаға шығуыма Қайрат түрткі болды
19.03.2019
Нұртас Айдарбеков«Tansholpan»-ның қонағы болды. Өнер иесі жуырда жаңа бейнебаян түсіріп, оны халыққа ұсынды.
«Жалпы қоржынымда бес бейнебаян, қырықтан аса әнім бар. Жаңа әніме бейнебаян түсірдім. Кеңес одағында ән айтатын мүмкіндік болған жоқ. Ағаларым музыкалық консерватория бітірген, ән айтады. Маған келгенде ән айтуға мүмкіндік болмай, бала-шағаны асырау үшін базар жағалап жүрдік. Осы таңда балаларым ән айтады. Сахнаға шығуыма ұлым Қайрат түрткі болды. Қайрат ағасы болған соң інілерін оқытты, үйлендірді. Балаларым бауырмашыл», дейді қонақ.